МИФ онкүндігі (математика, информатика, физика) аясында мектебімізде 10Б және 11Б сыныптары арасында «Қазақстанда атом электр станциясын салу» тақырыбында қызықты әрі мазмұнды дебат өтті.
Жауапты: Байпақова Қ.Б.
Бұл шара мектеп өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болды. Оқушылар еліміздің болашағы туралы ойлануға, ғылыми білімдерін өмірмен байланыстыруға мүмкіндік алды.
Оқушылар АЭС құрылысының артықшылықтары мен тәуекелдерін жан-жақты талқылап, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. Дебаттар белсенді, мазмұнды өтті және біздің оқушылардың болашақты ойлай алатын, ғылыми білімді бағалайтын жас ұрпақ екенін дәлелдеді.
МИФ онкүндігі жалғасуда. Алда оқушыларды тағы да көптеген қызықты әрі танымды шаралар күтіп тұр!

