Қалай қатысуға болады?
Республика күніне орай «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында «Саған кітап арнадым» акциясы басталады.
Акцияның мақсаты — кітап оқуды және кітап сыйлау мәдениетін насихаттау, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысты қолдау және біліммен бөлісу.
Акцияның идеясы қарапайым: жақын адамыңызға жылы тілек жазылған кітап сыйлап, осы сыйлықтың тарихымен бөлісу.
Қалай қатысуға болады?
📖 1. Кітап таңдаңыз.
Жаңа кітап немесе жеке кітапханаңыздағы жақсы сақталған кітапты сыйлауға болады. Мүмкіндігінше «Кітап оқитын ұлт» марафонының тізіміндегі шығармаларды таңдауды ұсынамыз.
✍️ 2. Жылы тілек жазыңыз.
Кітаптың алғашқы таза бетіне жылы лебізіңізді жазыңыз немесе ішіне қолтаңбаңыз қойылған құттықтау ашықхатын салыңыз. Сыйлықтың кімге және кімнен екенін көрсетіп, неліктен дәл осы кітапты таңдағаныңызды түсіндіріңіз.
🎁 3. Кітапты сыйлаңыз.
Кітапты жақын адамыңызға, досыңызға, әріптесіңізге немесе оқушыңызға табыстаңыз. Оқушылар кітапты сыныптасына немесе досына сыйлай алады.
📸 4. Сыйлықтың тарихымен бөлісіңіз.
Кітапты табыстау сәтін фотоға немесе қысқа бейнеге түсіріп, шағын әңгіме дайындаңыз: кітапты кімге сыйладыңыз, неліктен оны таңдадыңыз және қандай тілек жаздыңыз?
📩 Мектептің Instagram парақшасында жариялауға арналған материалдарды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына жеке хабарлама арқылы жолдаңыздар.
✨ Республика күнін игі іспен атап өтейік: кітап сыйлап, біліммен бөлісіп, бір-бірімізді кітап оқуға шабыттандырайық!
