Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
Астана қаласы әкімдігінің «№ 18 жалпы орта білім беретін мектеп» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

8(7172) 50-15-75

astana@18mektep.edu.kz

«Әдептілік – әдемілік белгісі: адамгершілік негіздері» тақырыбында 8 «А» және 8 «Б» сынып оқушыларымен психологиялық-танымдық тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты – оқушылардың бойында әдептілік, ізеттілік, сыйластық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға, өзара түсіністік пен мәдениетті қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Тренинг барысында оқушылар түрлі психологиялық жаттығулар мен қызықты тапсырмаларға қатысып, әдептілік пен адамгершілік туралы өз ойларын ортаға салды. Топтық жұмыстар арқылы бір-бірін тыңдау, пікірін құрметтеу, сыпайы сөйлеу және жағымды қарым-қатынас орнату дағдыларын дамытты. Сонымен қатар, күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарды талқылап, дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.

Іс-шара соңында оқушылар әдепті болудың адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі екенін түсініп, әрбір адамның сөзі мен ісінен мәдениеттілік пен адамгершілік көрінуі керектігін ұғынды.

Жүргізген педагог-психолог: Калиулина Г.Ж

Пікір жоқ
11 қаралды
Авторы: 18mektepastana
Қосылды: 22.10.2026 в 13:10

Choose Color